- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 28 Маусым, 2025
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні
Бүгін – күн сайын талмай ақпарат таратып, маңызды мәселелер көтеріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын және қоғамның дамуына зор үлес қосып жүрген жандардың еңбегін ерекше атап өтетін күн. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды.
Журналистика жай ғана кәсіп емес, қастерлі міндет әрі үлкен жауапкершілік. Сіздерге жүктелген міндет кәсіби біліктілікті, объективтілікті, адалдық пен батылдықты қажет етеді. Қаншама қиындықтар мен сын-сынақтарға қарамастан, өз міндеттерін абыроймен атқарып, әділдік пен шындықтың жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан барша БАҚ өкілдері қашанда жоғары құрметке лайық.
Бүгінде Қазақстанда жалпы баспа басылымдары, телеарналар, радио және интернет-ресурстарды қосқанда 5 855 БАҚ тіркелген. Сіздердің жемісті жұмыстарыңыз еліміздің ақпараттық кеңістігін нығайтуға және ашық әрі әділ қоғам құруға ықпал етеді.
Журналист – бұқара мен биліктің арасын жалғайтын алтын көпір. Осы орайда ел мүддесі үшін қажырлы қызмет атқарып жүрген барша БАҚ өкілдеріне ерекше алғыс білдіреміз.
Фото: ашық дереккөз
1111 рет
көрсетілді0
пікір






