Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Шілде, 2014

И.Тасмағамбетов ЮНЕСКО медалімен марапатталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов ЮНЕСКО медалімен марапатталады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының бас хатшысы Әсел Өтегенова мәлім етті. «Кеңестің салтанатты ашылу рәсімі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Оған Үкімет басшысының қатысуы жоспарланып отыр. Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов ЮНЕСКО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың дамуына қосқан үлесі үшін ұйым басшысы қолынан ЮНЕСКО медалін алады», - деді ол. Оның атап өтуінше, осы жиын барысында ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енген Қазақстанның 8 ескерткішіне дипломдар табыс етіледі. Айта кетейік, 22-24 шілде күндері елордада ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиялардың бірінші өңіраралық кеңесі өтеді. Сонымен қатар іс-шара аясында 2 көрме өтеді. Шілденің 22-сі күні өтетін көрме материалды емес мәдени мұраға арналады. Ал шілденің 24-і күні Қазақстан халқы Ассамблеясының көрмесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ алқалы жиынға қатысушылар көшпенділер өркениеті фестивалін тамашалайды

653 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз