Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 01 Шілде, 2025

Биыл сумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға 188 млрд теңге бөлінді

Биыл республикалық бюджеттен және Арнаулы қордан сумен жабдықтау бойынша 445 жобаны іске асыруға 188 млрд теңге бөлінді.

Бағдарлама шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ су құбыры желілерін реконструкциялау және кеңейту жүзеге асырылуда. Ірі қалаларда су тазарту құрылыстарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, бірқатарында аяқталған.

Ұзындығы 8,5 мың шақырымнан асатын қолданыстағы желілерді реконструкциялау және кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ бірқатар ірі қалада су тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту жолымен ауыз судың сапасы мен тапшылығы мәселелері шешілді.

Астана қаласында құны 118 млрд теңге  болатын су сорғы-фильтр стансасы салынып, магистралдық су құбыры қайта жаңғыртылды. Атырауда 17 млрд теңге сомаға сүзгі стансасын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды және Қостанай мен Көкшетауда су тазарту құрылыстарын жаңғырту аяқталуға жақын.

Фото: KZgovernment

265 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз