- Безбен
- 01 Шілде, 2025
Жыл соңына дейін Қостанай облысы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады
Үш жыл ішінде қалалық жерлерді ауыз сумен қамту 98%-дан 99%-ға дейін, ауылдық жерлерді – 74,9%-дан 91,3%-ға дейін өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді.
Осы кезеңде 56 млрд теңге сомасына іске асырылған 58 жоба шеңберінде 98 ауылдық елді мекен сумен қамтылды, 55 мың адам суға қол жеткізді.
Бүгінгі таңда қалалық үлгідегі 4 қала мен 3 кентте ауыз суға толық қолжетімділік қамтамасыз етілген. Арқалық және Тобыл қалаларын қамтуға осы жылдың соңына дейін қол жеткізілетін болады. Бұл мақсаттарға 5,3 млрд теңге бөлінді.
Сонымен қатар 92,5% немесе 455 ауыл сумен қамтамасыз етілген. Оның 226-сы орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосылған, 175 елді мекенде модульдік блок-кешендер орнатылған, тағы 54 ауыл суды құдықтардан және тасымалдау арқылы алады.
100% қамтуға қол жеткізу үшін қалған 37 ауылда құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда. Бұл іс-шараларды жүзеге асыруға 20,8 млрд теңге қарастырылған.
223 рет
көрсетілді0
пікір







