Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 02 Шілде, 2025

Қазақстанның арнайы күштері Түркиядағы оқу-жаттығуға қатысып жатыр

Түркия Республикасында Қазақстан, Әзербайжан, Пәкістан, Өзбекстан және басқаларын қоса алғанда 33 елдің әскери қызметшілерінің қатысуымен арнайы мақсаттағы «Анадолы-2025» халықаралық оқу-жаттығулары өтіп жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды. 

Жаттығуға Қазақстан тарапынан Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштерінің жеке құрамы қатысуда.

Оқу-жаттығудың белсенді кезеңінде қазақстандық әскери қызметшілер қалалық жағдайлардағы іс-қимылдарды, парашютсіз десант түсіруді, жаралыларды эвакуациялауды және ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануды пысықтайтын  болады.

Арнайы операциялар күштері жауынгерлерінің жаттығуларға қатысуы жауынгерлік дағдыларды арттыруға, тәжірибе алмасуға және арнайы мақсаттағы бөлімшелермен өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

Оқу-жаттығу 3 шілде аяқталады деп жоспарланған.

Фото: gov.kz

422 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз