- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 17 Шілде, 2014
Бүгін Латиф Хамидидің дүниеге келген күні

Астана. 17 шілде. Baq.kz – Бүгін композитор, ҚазССР-нің халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Латиф Абдулхайұлы Хамидидің (1906-1983) дүниеге келген күні. Ташкент ағарту институтын, 1-ші Мәскеу музыкалық техникумының теориялық-композиторлық факультетін профессор Б. А. Яворскийдің классы бойынша, Мәскеу консерваториясы жанындағы Татар опералық студиясын бітірген.
Л. Хамиди көптеген хорлық өңдеу, әндер, романстар, вальстар жазды, солардың ішінде “Қазақ вальсі” және “Бұлбұл” композитордың атын танымал етті. Ол сондай-ақ, патриоттық, тарихи тақырыптарға да музыка жазды. Композитор шығармашылығының қанат жаюы “Абай”, “Төлеген Тоқтаров” (А. Жұбановпен бірлесіп), “Жамбыл” операларынан да анық байқалады. Хамиди музыкалық мәдениет тарихында қазақтың халықтық музыкасын жинаушы - этнограф және музыкалық, оқулық басылымдардың авторы ретінде қалды. 1933 жылдан Алматы қаласында тұрды. Қазақ ССР-інің халық артисі, еңбек сіңірген өнер қайраткері. 1933 жылдан қазақтың халық әндері мен күйлерін жинап, нотаға түсіруге атсалысты.

1337 рет
көрсетілді0
пікір