- Құмсағат
- 03 Шілде, 2025
Сағындық Тоғамбай бокстан Әлем кубогының жартылай финалына шықты
Қазақстан ерлер құрамасының боксшысы Сағындық Тоғамбай бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының жартылай финалына шықты.
Жерлесіміз 90 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында америкалық Малакай Джорджеспен қолғап түйістірді.
Тартысқа толы жекпе-жектің бірінші бөлімінде АҚШ өкілі басым түсті. Алайда, қалған екі раундта Сағындық Тоғамбай қарсыласынан айласын асырып, жеңіске жетті.
Осылайша, Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін) кем дегенде Әлем кубогының қола медалін қоржынға салды.
387 рет
көрсетілді0
пікір






