Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 03 Шілде, 2025

Бали маңында паром апатынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Индонезиядағы Бали аралының маңында жолаушылар паромы апатқа ұшырауына қатысты түсініктеме берді.

«Алдын ала ақпарат бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ», – деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Еске салайық, аталған апат салдарынан төрт адам қаза тапқан, 30 адам хабар-ошарсыз кеткен, тағы 31 адам құтқарылған. Құтқару қызметтері іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.

Фото: ашық дереккөз

 

216 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз