Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Шілде, 2014

Жыл соңына дейін аудандық судьялар саны 100 бірлікке артады - ҚР Жоғарғы сотының төрағасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың соңына дейін аудандық судьялардың саны 100 бірлікке артатын болады. Бұл туралы бүгін республика соттарының 2014 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмыстарының қорытындысына арналған кеңейтілген жиында ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми мәлім етті. Соттарды білікті  кадрлармен және материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесі шешілу үстінде екендігін атап өткен ол: «Өздеріңізде білетіндей, жыл басында ел Президентінің Жарлығымен аудандық судьялардың штаттық саны 450 бірлікке артқан болатын. Қазіргі уақытта 150 судья тағайындалды», - деді. Жоғарғы сот төрағасының сөзіне қарағанда, бұдан бөлек 100 кандидат Жоғарғы сот кеңесінің соңғы отырысында мінездеме алған және тағы 100 бірлік бос орынға байқау жария етілген. «Осы жылдың төртінші тоқсанының соңына дейін қалған 100 бос судьялар орны бөлінетін болады», - деді Қ.Мәми.

682 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз