Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 03 Шілде, 2025

Іле Алатауының тұмса табиғатын сақтау маңызды

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесіне арналған іс-шара өтті, - деп хабарлайды kazgazeta.kz тілшісі.

Шара аясында Аюсай шатқалында ақпараттық тур ұйымдастырылып, БАҚ өкілдері Аюсай сарқырамасын тамашалады. Қазіргі уақытта мұнда турситтердің ең көп келетін маусымы.

Іле-Алатауы ұлттық табиғи паркі – Іле Алатауындағы, Тянь-Шаньның солтүстік-батысында орналасқан, мемлекеттің қорғауындағы бірегей табиғи кешен. Ол ландшафттың күрделігімен, сұлулығымен, сондай-ақ таңғажайып биологиялық әртүрлілігімен ерекшеленеді.

Іле-Алатауы геоморфологиялық жасына қарай жас тау, ал салыстырмалы түрде алғанда кейін пайда болған. Ғалымдар олардың құрылымын зерттеп, құралатын қыртыстың атауын айтты. Жоғары таулы белдеудегі құздар палеозой дәуірінен қалған: гранитоид, порфиритьер, кварциттер, құмдықтар және әк тастар. Орташа тау белдеуі ордовикс және карбон жасындағы жыныстардан құралған. Ойпаттар түбін аллювиальдық-пролювиалдық шөгінділер алып жатыр. Төменгі тау етегіндегі саты 30-40 метрге дейінгі қуаттылықпен, тұтас қиыршық тасты борпақ жинақта жатқан орташа төрттік орман түсті сазды қойтас пен малта тастардан құралған.

Жыл сайын осынау табиғаты ерекше орынға келушілердің де саны артып келеді. Мұнда қазір өрт қауіптілігінің жоғарғы санаты сақталып отыр. Сондықтан парк қызметкерлерінің жұмысы да екі есе ұлғаяды. Орманда, тау-тас, мұзда жүрудің техникалық ережелерін сақтау аса маңызды.

Елімздегі белгілі БАҚ өкілдері қатысқан жиында Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Елнұр Ахметов, парк директорының орынбасары Арқау Шантаев және парк қызметкерлері сөз сөйлеп, журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтап, Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.  Елнұр Мұхамеджанұлы алдағы уақытта паркте атқарылатын жұмыстар мен жобалар туралы әңгімелеп, оларға медиа саласының өкілдерін белсене қатысуға шақырды.

Туризм саласын жандандыру, тұмса табиғатты қорғау, оны болашақ ұрпаққа жеткізуде табиғи тепе-теңдік сақталуы қажет. Бұл тұрғыда парк қызметкерлері мен журналистер мен фотожурналистер алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруы мүмкін.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Суреттерді түсірген автор

 

 

4789 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз