- Безбен
- 04 Шілде, 2025
Қауіпсіздік инфрақұрылымын дер кезінде жаңғырту маңызды – Мәжіліс депутаты
Respublica партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында қауіпсіздік және инфрақұрылым саласындағы бірқатар негізгі нысанның қызметімен танысты.
Олжас Құспеков қазақ-қырғыз шекарасындағы «Бесағаш» автомобиль өткізу бекетіне ерекше назар аударды. Өткізу пунктінің инфрақұрылымын аралап, жұмысшылармен әңгімелесті.
– Бақылау бекеттерінің тиімді жұмысы – тек материалдық-техникалық қамтамасыз ету ғана емес, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі. Бұл саладағы инфрақұрылымды дер кезінде жаңғырту маңызды, – деді О.Құспеков.
Сапар барысында Олжас Құспеков Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының №5513 әскери бөлімі мен облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің әскери кафедрасында болып, кадр даярлау және жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мәселелерін талқылады.
Депутаттардың өңірлерге жұмыс сапарлары туралы толығырақ parlam.kz сайтынан оқи аласыздар.
Фото: t.me/mazhilis_kz
305 рет
көрсетілді0
пікір







