
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстан үкіметтері басшылары орынбасарларының қатысуымен Рогун ГЭС құрылысының жобасы бойынша консультацияның 5-ші раундты өтті.
Қазақстан делегациясын Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев басқарды.
Кездесу тақырыбы іргелі елдер өкілдері арасында трансшекаралық су ресурстарын басқару тетіктерін талқылау болды.
Қатысушылар Рогун ГЭС-і жобасы бойынша Дүниежүзілік банктің алдын ала есебін қарады. Бұл есепті дайындауға Қазақстан белсенді қатысқанын атап өткен жөн.
Кездесу аясында қазақстандық тарап барлық іргелі елдер ынтымақтастығының тетіктерін күшейту бөлігіне бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тағы бір кездесу өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, онда Рогун ГЭС-і жобасы бойынша Дүниежүзілік банктің қорытынды есебі қаралады.