- Аймақ тынысы
- 11 Шілде, 2025
Жамбыл облысында жедел жәрдем қызметкеріне оқ атылды
Жамбыл облысында жедел жәрдем қызметкеріне оқ атылды, деп хабарлайды kazgazeta.kz.
Жүрек тұсынан жарақат алған фельдшер аман қалды.
Оқыс оқиға бүгін Байзақ ауданындағы орталық ауруханада болған.
Жедел жәрдем қызметкеріне танысы келіп, науқастарға арналған дефибриляторды қолданып көруді сұраған. Бірақ оны беруден бас тартқаны үшін араларында жанжал басталған. Сол сәтте күдікті травматикалық тапаншамен медицина қызметкерін атып жіберген.
Қазір қару қолданған 25 жастағы күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
358 рет
көрсетілді0
пікір






