- Аймақ тынысы
- 11 Шілде, 2025
Алакөл жағалауында азаматтық қорғау объектілері салынып жатыр
Алакөл жағалауында азаматтық қорғау объектілері салынып жатыр, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Еліміздегі ең танымал туристік бағыттардың бірінде қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында құрылыс жұмыстары басталды:
- Мақаншы ауданы Қабанбай ауылында 2 шығу есігі бар өрт сөндіру депосы салынуда.
- Алакөл жағалауында суда құтқару станциясы салынуда.
Екі нысан да жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынып жатыр және демалушылар мен жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін инфрақұрылымның бір бөлігі болады.
Алакөл жыл сайын мыңдаған туристерді тартады. Азаматтық қорғау жүйесін дамыту – қауіпсіз және жайлы курорттық аймақ құру жолындағы маңызды қадам.
ТЖМ халық көп шоғырланатын демалыс орындарында қауіпсіздікті күшейтуді жалғастыруда.
384 рет
көрсетілді0
пікір







