- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 13 Шілде, 2025
Қазақстан құрамасы таэквондодан Оңтүстік Кореядағы турнирде күміс алды
Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өткен таэквондодан «World Taekwondo Diamond Game 2025 G-4» турнирінде беделді жарыста Қазақстан құрамасы аралас командалық сында күміс алды.
Жарыс барысында ұлттық құрама алдымен Францияны 2:0, кейін Өзбекстанның A құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, финалға шықты. Алайда шешуші кездесуде Өзбекстанның B құрамасына 0:2 есебімен есе жіберіп, турнирді күміс медальмен аяқтады.
Ел құрамасының сапында Мерген Ганиев, Абдурахмон Марипов, Камила Аймукашева және Аида Таукенова ел намысын қорғады.
Айта кетсек, аралас командалық жарысқа барлығы 13 құрама қатысты.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстандық спортшылар таэквондодан Аустриядағы турнирде төрт медаль алды.
228 рет
көрсетілді0
пікір






