- Аймақ тынысы
- 14 Шілде, 2025
Алматы әкімі жұмыс сапары аясында су тазарту нысандарын аралап шықты
Қала әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында кәріздік тазарту құрылыстарын және «Сорбұлақ» сарқынды су қоймасын аралап, оларды жаңғырту шараларымен танысты.
Алғашқы нысан Жәпек Батыр ауылындағы аэрация станциясы. Мұнда сарқын су механикалық және биологиялық тазартудан өтеді. Станцияның жобалық қуаты тәулігіне 640 мың текше метрге жетеді, ал қазіргі жүктеме шамамен 450 мың текше метр болып тұр.
Тазартудан өткен су өңірдегі ең ірі су қоймасы - «Сорбұлаққа» жіберіледі. Аумағы 58 шаршы шақырымды алып жатқан бұл қойма 1973 жылдан бері жұмыс істеп келеді, ең терең жері 25 метрге дейін жетеді.
«Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мамандары су сапасын күнделікті бақылап, деңгейін қадағалап, су басу қаупінің алдын алып отырады.
Сапар соңында жобалық шешімдерді жіті бақылауға алу, су тазарту мен сүзгілеу стандартын арттыру және нысандардың жүктемесі өсетінін ескере отырып дайындық жұмыстарын жүргізу жүктелді.
Фото: gov.kz
428 рет
көрсетілді0
пікір






