- Безбен
- 16 Шілде, 2025
Алматының Энергетика және сумен қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Алматы қаласының Энергетика және сумен қамтамасыз ету басқармасының басшысы лауазымына Нұрбақыт Серікбай тағайындалды.
Ол Алматы Энергетика және байланыс университетін «жылу энергетикасы» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2018 жылы қараша айында Алматы қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының энергия және жылумен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.
2022 жылы тамыз айында Алматы қаласы Энергетика және сумен қамтамасыз ету басқармасының энергия және жылумен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымына ауыстырылған.
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
198 рет
көрсетілді0
пікір







