Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 16 Шілде, 2025

Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыс тереңдей түсуде

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь мырзамен кездесу өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды. 

Кездесу барысында қос тарап архив, кітапхана, реставрация және ғылыми зерттеу бағытындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Елші Хань Чуньлинь мырза Қытай мен Қазақстан – тамыры терең, тарихы өзара сабақтас, сан ғасырлардан бері достықта өмір сүріп келе жатқан көрші елдер екенін айтты. Сонымен қатар, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы үшін Қытай тарапымен бірлесе жұмыс істеудің маңызы зор екенін жеткізді.

Сондай-ақ іс-шара аясында Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі сөз сөйлеп, Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік архив басқармасы арасында архив ісі саласындағы ынтымақтастықты кеңейту 2025–2027 жылдарға арналған бекітілген жоспарын орындау туралы пікірін білдірді.

Қонақтар Орталықтың қызметімен танысып, ғылыми сапарлар мен тәжірибе алмасу бағытында бірқатар ұсыныстарын білдірді.

Фото: gov.kz

335 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз