Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 16 Шілде, 2025

Әуежайдағы қызды кепілге алған күдіктіге үкім шықты

Алматыда сот наурыздың басында әуежай қызметкерін кепілге алған Машрапбек Баратовқа қатысты үкім шығарды. Бұл туралы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды. 

Түрксіб аудандық соты Машрапбек Баратовты 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар, үкімге 2023 жылғы іс бойынша тағайындалған, бірақ өтелмеген жазаның мерзімі қосылған. Ол іс бойынша сотталған адамға бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Нәтижесінде түпкілікті жаза 11 жылға бас бостандығынан айыру болып белгіленді.

Баратов жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейді. Сотта айыпталушының кінәсін мойындауы жеңілдететін жағдай ретінде есепке алынды.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Баратовтың қамауда отырған мерзімін 7 наурыздан бастап есептеуді сұраған.

Фото: видеодан скриншот

189 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз