- Безбен
- 18 Шілде, 2025
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" синоптиктері 19, 20 және 21 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қай өңірлерде жаңбыр күтіледі?
Аптаның басында атмосфералық фронтал бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 19 шілдеде - солтүстікте және орталықта, ал 20 шілдеде - елдің шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі.
Антициклон келеді
Аптаның соңына қарай ел аумағына солтүстік-батыстан антициклон келеді. Соның әсерінен жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы төмендейді. Республиканың көп бөлігінде жел күшейеді, ал оңтүстікте және оңтүстік-батыста құмды дауыл соғуы мүмкін. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік-батыс пен солтүстікте тұман күтіледі.
Аптап сақталады
Батыс және оңтүстік-батыс аймақтарда алдағы күндері қатты ыстық сақталады - ауа температурасы 43 градусқа дейін жетеді. Солтүстік-батыс пен шығыста - 40 градус, ал оңтүстік-шығыста - 42 градусқа дейін көтеріледі
Фото:Tengrinews.kz
321 рет
көрсетілді0
пікір







