- Безбен
- 18 Шілде, 2025
Екі бірдей әуе компаниясы Қазақстанға рейстерін тоқтатады
Қыркүйектен бастап Wizz Air әуе компаниясының ұшақтары Абу-Дабиден Қазақстанға ұшпайды. Сондай-ақ Lufthansa әуе компаниясы Қазақстанға рейстерін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.
Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Wizz Air лоукостері 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Абу-Дабиге рейстерін тоқтататынын хабарлады.
Шешім қозғалтқышқа қатысты мәселелерге, аймақтық қақтығыстарға және реттеуші кедергілерге байланысты қабылданды.
Айта кетейік, Wizz Air аптасына 9 рет Алматыдан Абу-Дабиге ұшады. Бұл арзан әуе саяхаттары нарығы үшін айтарлықтай шығын дейді Алматы халықаралық әуежайы өкілдері.
Сондай-ақ Lufthansa баспасөз қызметінің хабарлауынша, әуе компаниясы 2025 жылдың 26 қазанынан 2026 жылдың 29 наурызына дейін Қазақстанға рейстерді уақытша тоқтатады.
Осылайша, бұл Франкфурт-Алматы бағытына әсер етеді.
"Шешім қабылдауға әсер еткен себептер – сұраныстың маусымдық төмендеуі, шығындарды оңтайландыру қажеттілігі, сондай-ақ әуе паркінің ресурстарының шектеулі екені", - делінген хабарламада.
Фото:KAZ.NUR.KZ
325 рет
көрсетілді0
пікір







