- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 22 Шілде, 2014
Астанада «Қайырымдылық арқылы бірлікке» атты шара өтуде

Baq.kz порталы хабарлағандай, Астана қаласында мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы, тұрмысы-жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға арналған «Қайырымдылық арқылы бірлікке» атты акциясы бастауын алды.
Шараны Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Қызыл Ай қоғамының Астана қалалық филиалы, Есіл ауданының мүгедектер қоғамы, Астана қаласының ішкі істер департаменті бірлесе ұйымдастырып отыр.
Акция барысында мүгедек, көпбалалы отбасынан шыққан және жағдайы төмен отбасынан шыққан 30 бала Астана қаласының «Экодеревня» демалыс орнына баратын болады.
ҚР Қызыл Ай қоғамы Астана қалалық филиалының еріктілері демалыс барысында әртүрлі ойындар мен қызықты байқаулар өткізбек.
Бұл шара Астана қаласының Бейбітшілік және келісім жол картасы жобасының аясында өткізіліп отыр. Мақсаты - өзге ұлттар арасындағы бірлікті сақтау, қоғамдық, этника және мәдени келісімді, ұйымдар арасындағы байланысты дамыту болып табылады.

1885 рет
көрсетілді0
пікір