- Құмсағат
- 18 Шілде, 2025
Өрт-құтқару спорты бойынша жазғы чемпионат өтіп жатыр
Өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан Республикасының ерлер арасындағы ХХХI, әйелдер арасындағы ХI, жасөспірім ұлдар арасындағы XIV жазғы чемпионаттарының үшінші кезеңі 4х100м өрт эстафетасы дисциплинасы бойынша жеңімпаздар анықталды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды.
Чемпионат Қазақстандық құтқарушылар қорының қолдауымен ұйымдастырылды.
Ерлер арасында 4х100м өрт эстафетасында жүлдегерлер:
1 орын - Қостанай облысы, 59,96 секунд
2 орын - Атырау облысы, 60,06 секунд
3 орын - Түркістан облысы, 60,20 секунд
Әйелдер арасында 4х100м өрт эстафетасында жүлдегерлер:
1 орын - Түркістан облысы, 63,06 секунд
2 орын - Қостанай облысы, 64,10 секунд
3 орын - Астана қаласы, 64,98 секунд
Жасөспірім ұлдар арасында 4х100м өрт эстафетасында жүлдегерлер:
1 орын - Шығыс-Қазақстан облысы, 63,89 секунд
2 орын - Шымкент қаласы, 63,90 секунд
3 орын - Батыс-Қазақстан облысы, 64,35секунд
19 шілде жауынгерлік қанат жаю дисциплинасы бойынша жарыстың соңғы және шешуші күні өтеді.
Фото: gov.kz
495 рет
көрсетілді0
пікір







