- Таным
- 22 Шілде, 2025
Биыл E-museum веб-порталы іске қосылады
Жаңа платформа әлемнің кез келген жеріндегі қолданушылардың еліміздің мәдени мұрасын 3D үлгілер мен интерактивті форматта көруіне мүмкіндік береді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Айқын» газетіне берген сұхбатында айтты.
«Мәдениет цифрланбаса – ол тұйықталады. Қазіргі ұрпақ ақпаратты визуалды, интерактивті түрде қабылдайды. Демек, егер біз жастарды ұлттық мәдениетке тартқымыз келсе, оны солардың тілімен, цифрлық ортада сөйлетуіміз керек. Бұған қоса, цифрландыру – мұраны сақтау кепілі», - деді министр.
Сондай-ақ «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының қорғауындағы «Айша бибі кесенесі» ескерткішінде электрондық билет жүйесін енгізу жұмыстары қолға алынған. Жүйе бейнекамерамен, турникетпен жабдықталып, нысанға кіру Face id немесе ID card арқылы жүргізіледі.
Фото: дереккөзден алынды
607 рет
көрсетілді0
пікір







