Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 23 Шілде, 2025

Самирхон Абабакиров Универсиадада Қазақстанға алғашқы алтынды әкелді

Қазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров Германиядағы XXXII Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Жерлесіміз 63 келі салмақта ел намысын абыроймен қорғады.

Самирхон ақтық сында Түркия елінің өкілі Омер Фарук Дайоглуды 2:0 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында жеті медаль бар. Бұған дейін отандастарымыз алты қола медаль еншілеген болатын.

Фото: olympic.kz

709 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз