Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Шілде, 2014

Биылғы Ораза айт Астанада ерекше тойланбақ

 Биылғы Ораза айт мейрамы Астанада ерекше тойланбақ. Бұл туралы бүгін «Нұр Астана» мешітінде оқылған жұма намазы кезінде мешіт қызметкерлері жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 «Биылғы Ораза айт мейрамын ерекше атап өтуді қолға алдық. Астанадағы «Әзірет Сұлтан», «Нұр Астана», «Сәдуақас қажы Ғылмани» атындағы мешіттердің ауласына киіз үй тігіп, бұқаралық сипатқа ие мереке ретінде тойлауды ұйымдастырамыз. Мейрам кезінде ұлттық ойындар мен түрлі спорттық жарыстардан сайыс өткіземіз. Барлық Астана тұрғындары мен қала қонақтарын айтулы шараға қатысуға шақырамыз», - делінген хабарландыруда. Алдағы 28 шілдеде Ораза айт мейрамы басталады. Айт намазы Астанада жергілікті уақытпен 07.00-де оқылады.

1291 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз