Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 07 Тамыз, 2025

Теміржол инфрақұрылымын дамытуға қатысты өзекті мәселелерді қарастырды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сағындық Лұқпанов «Қазақстан темір жолы» ҰК» Акционерлік қоғамының филиал өкілдерімен кездесу өткізіп, Атырау облысындағы теміржол инфрақұрылымын дамытуға қатысты өзекті мәселелерді қарастырды.

Кездесу барысында жүк және жолаушы тасымалдарының қазіргі жағдайы мен болашағы, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, сондай-ақ өңірдегі теміржол желісін жаңғырту мен оңтайландыру жоспарлары жан-жақты талқыланды. Қатысушылар көлік саласындағы міндеттерді кешенді түрде шешудің маңыздылығын атап өтті.

«Заманауи әрі қауіпсіз теміржол инфрақұрылымын дамыту — Атырау облысының тұрақты экономикалық өсімінің негізгі шарттарының бірі. Сенат жүк тасымалын тиімді етуге және көлік қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған бастамаларды алдағы уақытта да қолдайтын болады», — деді Сағындық Лұқпанов.

Сенатор, сондай-ақ, теміржол саласын дамытудың әлеуметтік және экономикалық маңызы зор екенін атап өтті. Бұл сала өңірдегі халықты жұмыспен қамтуға, инвестициялық тартымдылықты арттыруға және тұрғындардың өмір сапасына тікелей ықпал етеді.

Фото: Сенаттың Баспасөз қызметі

247 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз