Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 07 Тамыз, 2025

Екі қазақстандық теннисші Президент кубогының ширек финалына шықты

Елордада Президент кубогы үшін өтіп жатқан ITF W15 турнирінде қазақстандықтар Аружан Сағындықова мен Іңкәр Дүйсебай ширек финалға жолдама алды.

Аружан алғашқы кездесуінде отандасы Альбина Кәкенованы 6:0, 6:3 есебімен жеңген. Ал бүгін А.Сағындықова екінші айналымда ресейлік Дарья Зелинскаяның мысын басты – 6:1, 7:5.

Енді ол жартылай финалға шығу үшін белоруссиялық Владислава Зверевамен шеберлік байқасады. 

18 жастағы Іңкәр Дүйсенбай бірінші айналымда қазақстандық Полина Слепцовадан айласын асырған – 0:6, 6:0, 6:3.

Екінші кездесуінде ресейлік Устиния Лекомцевадан басым түсті – 6:3, 6:4. Ол ширек финалда тағы бір ресейлік Екатерина Хайрутдиновадан өтуге тырысады.

 

555 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз