- Құмсағат
- 11 Тамыз, 2025
Бақыт Сейдіш Азия чемпионатында алтын жүлдеге ие болды
Қазақстандық боксшы Бақыт Сейдіш Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан (U22) Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта ақтық сынға дейін жетті.
Шешуші кезеңде Бақыт өзбекстандық Ойша Тоированы жеңді.
Одан бөлек, 75 келіге дейінгі салмақта Шұғыла Нәлібай қытайлық Цзии Баоға есе жіберіп, күміс медаль еншіледі.
Осылайша, Қазақстан жастар құрамасының қоржынында екі алтын, бір күміс медаль бар. Бұған дейін Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін) чемпион атанған еді.
Фото: olympic.kz
618 рет
көрсетілді0
пікір






