- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 28 Шілде, 2014
ҚР Қаржы вице-министрі қызметіне Руслан Бекетаев тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы вице-министрі қызметіне Руслан Бекетаев тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 шілдедегі №830 қаулысымен Бекетаев Руслан Бақытжанұлы ҚР Қаржы вице-министрі болып тағайындалды», - деді баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметте болған Берік Шолпанқұлов Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалған еді.
Бекетаев Руслан Бақытжанұлы 1975 жылдың 16 қарашасында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «экономист-есепші» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ұлыбританиядағы Бристоль университетін үздік бітіріп, экономика, қаржы және менеджмент магистрі мамандығын алды. Ұлыбританиядағы Оксфорд университетінің Said атындағы бизнес мектебін үздік бітірген оған қаржылық стратегия бойынша диплом берілді.
Еңбек жолын 1996 жылы бастаған ол ҚР бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссиясының лицензиялау және қадағалау департаментінің жетекші маманы, бөлім меңгерушісі, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, директор орынбасарының м.а. болып жұмыс істеген.
2001-2004 жылдары ҚР Ұлттық банкі қаржылық қадағалау департаментінің инспекциялау басқармасының бастығы болды. 2004-2005 жылдары - ҚР қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің банктерді қадағалау департаментінің инспекциялау басқармасының бастығы. 2005-2010 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет атқарды. 2011 жылы - «Қазақ гуманитарлық-заң университеті» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі. 2011 жылдың шілде айынан ҚР Қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг бойынша комитеті төрағасының орынбасары, Қазынашылық комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған. 2008 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталан 2011 жылы «Қаржы жүйесінің үздігі» ведомстволық марапатына ие болған.
817 рет
көрсетілді0
пікір






