Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Шілде, 2014

Қорқыт ата мемориалдық кешені ЭКСПО-2017 көрмесіне биылғы қыркүйекте дайын болмақ

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда Қорқыт ата мемориалдық кешенінде қайта жаңғырту мақсатындағы құрылыс қызу жүріп жатыр. Аса дәлдікті қажет ететін іспен «СМП-Қызылорда» ЖШС айналысуда. Жаңа мемориалдың бұрынғыдан өзгешелігі 2,5 метр биіктікте орналасады. Стеласы 12 метрге ұзартылады. Демек, кешен бұрынғыдан мүлде өзгеше болып, қонақтардың көзіне тым алыстан менмұндалайды. Ал құрылысқа соңғы үлгідегі материалдар қолданылуда. Қайта жаңғырту жұмыстарына 960 миллион теңге қаржы жұмсалады.   Бұл жұмыстар қыркүйек айының ортасына дейін аяқталады. Бұл дегеніңіз, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қонақтары келетін негізігі нысанның бірі биылғы жылдың өзінде-ақ меймандарды қабылдауға әзір болады  деген сөз.

1309 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз