- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 29 Шілде, 2014
Қазақстанның СІМ жауапты хатшысы тағайындалды
Анарбек Бақтығазыұлы Қарашевқа дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметін Асқар Мусинов атқарған болатын.
Анарбек Бақтығазыұлы1992-1994 жылдар аралығында Қазақстанның СІМ екінші хатшысы болған еді. 1994-1995 жылдары – үшінші хатшы, Қазақстанның Германиядағы елшілігінде екінші хатшы, 1996 жылы Қазақстан Президенті әкімшілігінің сектор жетекшісі қызметтерін атқарды.
Австрия Республикасындағы Қазақстанның елшілігінде бірінші хатшы, ҚР СІМ Келісімдік-құқықтық басқармасында халықаралық келісімдер басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
Швейцария Конфедерациясында ҚР елшісінің кеңесшісі болды, 2003-2008 жылдар аралығында Франкфурт-на-Майнда (ФРГ) ҚР елшілігінде бас консул болса, 2008 жылдан бері Чех Республикасында Қазақстан елшілігінде Төтенше және өкілетті елші лауазымды қызметін атқарған.
914 рет
көрсетілді0
пікір







