- Безбен
- 21 Тамыз, 2025
«Ата Заңым – айбыным» тақырыбында дәріс оқыды
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілі Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлеріне арналған «Ата Заңым – айбыным» тақырыбында дәріс өткізді.
Орталық қызметкері конституциялық нормалардың эволюциясын жан-жақты түсіндіріп, әсіресе адам құқықтарын қорғауға қатысты ережелерге ерекше назар аударды. Сондай-ақ құқықтық мәдениет, құқықтық сананы арттыру және мемлекеттік органдардың күнделікті жұмысында конституциялық қағидаларды сақтаудың маңыздылығы мәселелері де қарастырылды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өзекті сұрақтарын қойып, конституциялық нормаларды іске асырудың практикалық аспектілерін талқылауға мүмкіндік алды.
Мұндай кездесулер құқық қорғау институты мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.
Фото: gov.kz
191 рет
көрсетілді0
пікір






