Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 29 Тамыз, 2025

Алматыда жаңа студенттік жатақхана ашылды

Қалада 250 орындық заманауи студенттік жатақхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Нысан жеке инвестициялар есебінен салынған және мегаполистегі студенттік инфрақұрылымды дамытуға арналған ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болып табылады.

Жатақханада студенттердің оқуына, демалуына және жайлы тұруына барлық жағдай жасалған: қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бейнабақылау жүйесі, әр бөлмеде жеке санитарлық торап, тұрмыстық техника және ас әзірлеуге арналған жабдық қарастырылған.

Жаңа жатақханада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, «Тұран» университетінің және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері тұрады.

Биылғы жаңа оқу жылының басына дейін Алматыда тағы үш жатақхана ашылады. Олар 1 100 орынға есептелген. Жыл соңына дейін жалпы 15 жаңа нысан іске қосылып, 6 мыңнан астам қосымша орын беріледі. Бүгінде қалада 120-дан астам жатақхана мен 60-қа жуық хостел жұмыс істеп тұр. Олардың бір бөлігі студенттерді уақытша орналастыру бағдарламасына тартылған.

230 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз