Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 05 Қыркүйек, 2025

Алматыда Michelin аспаздарының қатысуымен Almaty Сrossroads фестивалі өтеді

7-21 қыркүйек аралығында қалада Almaty Сrossroads гастрономиялық фестивалі өтеді. Биыл ол әлемдік деңгейдегі асхананы заманауи өнермен тоғыстырады.

Қонақтарға 15-тен астам мейрамхана қызмет көрсетеді. Мұнда келушілерге авторлық жобалар бойынша ерекше жасалған дәмді ас мәзірлері ұсынылады, тіпті көше кафелері қатысады. Жеке блокта халықаралық сарапшылармен Crossroads Talks пікірталас өтеді.

Қатысушылар арасында Michelin жұлдыздары мен The World’s 50 Best Restaurants тізіміне енген атақты аспаздар бар.

Ұйымдастырушылар – Almaty Tourism Bureau және ABR компаниясы. Фестиваль қаланың жаңа мәдени бейнесін қалыптастырып, шаһарға келетін туристер санын көбейтуге ықпал етеді.

Фестиваль бағдарламасы мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://docs.google.com/document/d/1g51Mzg4mpTs9KEaihH8CWD5hzQ7oamq171t4Chx1HD8/edit?tab=t.0

Фото: gov.kz

711 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз