- Аймақ тынысы
- 14 Қыркүйек, 2025
Алматыда Райымбек батырдың мемориалдық кешені қайта жаңғыртылуда
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мемориалдық кешеннің құрылыс алаңына барып, нысанның қазіргі ахуалымен танысты. Жаңа кешен заманауи мәдени кеңістікке айналып, тарихи мұраны сақтау символы болмақ.
Кешен құрамына батырлар мұражайы, қайнар су көзі, зияратшыларға арналған бөлмелер, әкімшілік ғимарат және діни рәсімдерге арналған аймақтар кіреді. Сондай-ақ XVIII ғасырдағы жауынгерлік қару-жарақтың қайта жасалған үлгілері ұсынылатын экспозиция ұйымдастырылады.
«Жыл соңына дейін мұражайдың құрылысы мен абаттандыруды толық аяқтау қажет. Жұмыстар сапалы әрі уақытылы орындалуға тиіс», – деп атап өтті Дархан Сатыбалды.
213 рет
көрсетілді0
пікір







