Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 14 Қыркүйек, 2025

Алматыда «Целинный» заманауи мәдениет орталығы ашылды

Алматыда «Целинный» заманауи мәдениет орталығы есігін айқара ашты. Ғимаратты қалпына келтіру 6 жылға созылды.

Кинотеатр ғимараты 1964 жылы салынды, содан кейін 90-жылдары «Целинный» жекенің қолына өтіп, бірнеше рет қайта құрудан өтті, олардың ең ауқымдысы 2000 жылы болды.

Ғимараттың бірінші қабаты бірнеше секцияға бөлінген. «Орта-1» залында кіреберіс, вестибюль мен кітапхана орналасқан. Мұнда концерттер, көрмелер және басқа да шаралар өтеді.

«Орта-1» қабырғасында бұрын «Целинныйды» безендірген Евгений Сидоркиннің сграффитосы сақталған. Бұрынғы қайта жөндеулер кезінде ол қатты бүлінген еді. Орталық өкілдерінің айтуынша, бұл ерекше жұмысты құрылысшылардың «жалқаулығы ғана құтқарған»: олар суретті қиратып тастамай, жай ғана гипсокартонмен жауып қойған. Кейін туындыны ескі қабырғадан кесіп алып, жаңа құрылымға көшірген.

Басты зал – «Орта-3» күшейтіліп, бағанасы мен төбесі нығайтылып, көпфункциялы кеңістікке айналды. Бұрынғы көлемі 1500 шаршы метрлік үлкен кинозалда енді көрмелер өтеді. Олардың кестесі 2027 жылға дейін жасалып қойылған.

«Барсакелмес» – орталықтың ең басты композициясы. Бұл – өткенге апарар портал, көшпелі қазақ мәдениеті мен ұжымдық естеліктің символы.

2016 жылы ғимаратты кәсіпкер Қайрат Боранбаев сатып алып, 4 жылдан кейін ұзақ жөндеу жұмыстары басталды.

Жобаны британдық сәулетші Асиф Хан жүзеге асырған. Ол фойені үлкейтті – ол 2000 жылы «Отау» кинотеатры жүргізген қайта құруға дейінгі көлеміне қайта оралды. Ұзақ талқылаулардан кейін Сидоркинаның сграффитосын қалпына келтіру туралы шешім қабылданды, бірақ оны сәл жеңілдету керек болды. Үлкен кинозал қалды, енді онда көрмелер мен фильмдер көрсетілмек.

Жаңартылған Целинныйдың есігін келушілерге ғимаратта 1999 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Амантай Құсайынбай ашты – ол мұнда қарауыл болып келіп, бүгінгі күнге дейін шаруашылық жағынан жұмысын жалғастыруда.

Целинный ұжымы орталықтың алдындағы аумақты абаттандырды, келесі жылы Никольский шіркеуінің жанындағы саябақ аумағын қайта құру жоспарлануда.

Орталықта дәмхана, кітапхана, шеберханаға арналған орын бар.

Досжан Балабекұлы

Суреттерді түсірген автор

2350 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз