Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 15 Қыркүйек, 2025

Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионы атанды

Қарулы күштердің қызметшісі Алуа Балқыбекова Ливерпульде (Ұлыбритания) өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, бокстан әлем чемпионы атанды.

51 келіге дейінгі салмақта финалдық сында қазақстандық спортшы Түркия өкілі Буссе Наз Чакыроғлыны сенімді жеңіп, тамаша техникалық шеберлігін, тактикалық ұтымдылығын және нағыз жауынгерлік мінезін көрсетті.

Бұл Балқыбекованың әлемдік деңгейдегі екінші алтын медалі. 2025 жылдың наурызында ол өз салмағындағы ғаламның ең мықты спортшысы екенін дәлелдеп, әлем чемпионы атанды.

Әскер спортшысының жеңісі Қазақстандағы әйелдер боксының мықты дамып келе жатқанын, сонымен қоса ҚР Қарулы Күштерінің спорт клубтарында спортшылардың кәсіби даярлығының тағы бір дәлелі болды.

Әскери басшылық Алуа Балқыбекованы спорттық жетістіктерімен құттықтайды және әскердегілердің халықаралық аренада әлі талай көк туды желбірететіндеріне сенімді.

Фото: gov.kz

343 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз