Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 15 Қыркүйек, 2025

Қақпашы Темірлан Анарбеков алдағы футбол ойындарына қатыспайды

Алматылық «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков төменгі жақ сүйегін сындырып алды. Сондықтан ол алдағы ойындарға қатыса алмайды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Төменгі жақ сүйегі сынған деген алдын ала диагноз қойылды. Өкінішке қарай, ол жақын матчтарға қатыса алмайды. Қосымша ақпарат әзірге жоқ, — деді «Қайрат» футбол клубының медиа-офицері Арман Жақсығұлов.

Еске салайық, 14 қыркүйекте Қазақстан премьер лигасының 23-ші тур аясындағы ойында Темірлан Анарбеков 13 минутта жарақат алды. Соған қарамастан алматылық «Қайрат» «Ақтөбе» командасын 1:0 есебімен жеңді. Ойындағы жалғыз голдың авторы - Дастан Сәтпаев.

Фото: sportburo.kz

437 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз