Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 15 Қыркүйек, 2025

Алматының Әуезов ауданында жаңа сквер ашылды

Алматы қаласының 8-шағынауданында, Алтынсарин көшесі бойындағы №37 үйдің жанындағы бос аумақта абаттандыру жұмыстары аяқталды.

Жоба 2025 жылға арналған «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды.

Мұнда орнатылған жаңа нысандар:

Асфальт және кеспе тас төселді

27 заманауи көше шамы қойылды

Ыңғайлы орындықтар, соның ішінде ұзындығы 16 метрлік орындық

Тербелмелі перголалар – демалыс пен кездесуге арналған орын

180-нен астам ағаш пен бұта отырғызылды

110 шаршы метрлік альпі төбешігі мен жасыл қоршау

Көгал және оны күтіп-баптауға арналған автоматты суару жүйесі

Бұл сквер аудан тұрғындарының бастамасы мен мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде пайда болды.

Фото: gov.kz

234 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз