Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 16 Қыркүйек, 2025

Алматы бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздарын қарсы алды

16 қыркүйек күні Алматы әуежайында әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасын жанкүйер қауым салтанатты түрде қарсы алды. Ливерпульде өткен әлем чемпионатында былғары қолғап шеберлеріміз үш алтын, бір күміс және  екі қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты!

Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлы чемпиондарды — Алуа Балқыбекованы, Аида Әбікееваны, Назым Қызайбайды, Елдана Тәліпованы және Виктория Графееваны құттықтап, әлемдік аренада елдің мерейін асқақтатқаны үшін алғыс айтты.

Спортшыларымыздың тарихи жеңісі әрбір қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш сезімін оятты.

Фото: gov.kz

315 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз