- ҚҰЖАТТАР
- 25 Тамыз, 2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ШАРА
АНОНС: «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес «Қазақ газеттері» ЖШС-де 2025 жылғы 9 қыркүйек пен 20 қазан аралығында өз қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) Серіктестіктің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Серіктестіктің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
***
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін көпшілік алдында талқылауды жүргізу туралы (06.10.2025)
«Қазақ газеттері» ЖШС №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ТББ жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес 2025 жылы 13 қазан күні сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін көпшілік алдында талқылауды жүргізуді жоспарлап отыр.
Талқылауға қатысуға ниет білдірушілер осы телефон бойынша 8 (7172)37-67-31 немесе Астана қаласы, Егемен Қазақстан газеті көшесі, 5/13 мекенжайы бойынша жүгіне алады.
***
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері талқыланды
«Қазақ газеттері» ЖШС-де ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің бірінің қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері талқыланды.
Отырыс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау, қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен пікірлермен алмасу, сондай-ақ персоналды басқару, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мәселелері бойынша талдамалық анықтамада көзделген ұсыныстарды пысықтау өтті.
Жария тыңдаулардың қорытындысы бойынша анықтамада көрсетілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу тапсырылды.
206 рет
көрсетілді0
пікір







