- Мотивация
- 25 Қыркүйек, 2025
Алғашқы АЭС-ке үздік атау беру конкурсы басталды
25 қыркүйек күні сағат 12:00-де Қазақстанда алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру бойынша жалпыхалықтық конкурс басталды. Конкурсқа әрбір қазақстандық eGov Mobile арқылы қатыса алады. Сауалнама eGov Mobile мобильді қосымшасында жүргізіледі. Басты парақшада «АЭС-ке атау ұсыныңыз» баннері орналастырылған, ал пайдаланушыларға конкурстың басталғаны туралы push-хабарлама жіберіледі.
Бастаманың мақсаты – болашақ станцияға тарихи, мәдени және ұлттық маңызын айқын көрсететін атау таңдау.
Қатысу үшін:
тілді таңдау (қазақ немесе орыс);
өз нұсқасын ұсыну;
атаудың мағынасын қысқаша сипаттау (міндетті емес);
конкурстың ресми қағидаларымен танысқанын растау.
Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 10 қазандағы сағат 23:59-ға дейін жалғасады. Конкурс қағидаларымен Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің ресми сайтында және ведомствоның әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында танысуға болады.
Фото: дереккөзден алынды
1993 рет
көрсетілді0
пікір







