Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 25 Қыркүйек, 2025

Иран Қазақстандағы автожол жобаларына атсалыспақ

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукармен кездесті. Кездесу барысында тараптар көлік және логистика саласындағы өзара ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.

Иран Қазақстан аумағында жүзеге асатын автожол құрылысы жобаларына қатысуға мүдделілік танытты. Бұл бастама көлік инфрақұрылымын дамытуға және транзиттік тасымалдардың көлемін ұлғайтуға ықпал етеді.

Сондай-ақ, тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағыты шеңберіндегі серіктестікті нығайту жайын сөз етті. Кездесуде Астара және Ақтау порттары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері де қарастырылды.

Фото: ашық дереккөз

357 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз