Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 25 Қыркүйек, 2025

«Реалға» қарсы тек қорғаныспен шектелмейміз – «Қайрат» бапкері

Алматыда өтетін футзалдан Чемпиондар лигасының ойыны алдында «Қайрат» командасының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин және ойыншылар Әділет Садыбеков пен Александр Широбоков баспасөз мәслихатын өткізді. 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда қазақстандық клуб әйгілі испандық «Реал Мадридпен» кездеседі.

Рафаэль Уразбахтин алғашқы ойындарда футболшылардың қобалжуы басым болғанын, алайда қазір команда тәжірибе жинап, үлкен эмоционалдық қысымға үйренгенін айтты. Оның сөзінше, алдағы матчта «Қайрат» тек қорғанысқа ғана мән бермей, шабуылға да белсенді шығады. «Тек қорғаныста жатып қалмаймыз. Шабуылға да шығамыз, тепе-теңдікті сақтай отырып, екі бағытта да ойнауымыз қажет. «Реал Мадрид» өте мықты қарсылас екенін білеміз, бірақ өз ойынымызды көрсетуге тырысамыз», – деді бас бапкер.

Уразбахтин тактикада түбегейлі өзгерістер болмайтынын, бірақ ойын барысында ұсақ түзетулер енгізілетінін атап өтті. Сондай-ақ ол жарақат алған ойыншылардың жағдайына тоқталып, Темірлан Анарбеков пен Заруцкийдің негізгі құрамға қосылуы матч күні шешілетінін жеткізді.

Бас бапкер бұл кездесуді Қазақстан футболы үшін тарихи оқиға деп бағалады. «Әлемдік деңгейдегі жұлдыздар біздің елде өнер көрсетеді. Бұл біздің жанкүйерлер үшін үлкен мереке. Біз барынша сапалы ойын көрсетіп, жанкүйерлерге қуаныш сыйлауға тырысамыз», – деді ол.

Ойын 30 қыркүйек күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Фото: rsk.almaty.kz

717 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз