Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 27 Қыркүйек, 2025

Мадагаскарда коменданттық сағат енгізілді

 

Шешім жаппай наразылықтарға байланысты қабылданды. Бұған елде электр жарығы мен судың жиі тоқтауы себеп. Осыған байланысты халық көшеге шығып, биліктен мәселені шешуді талап етіп жатыр.

Қалаларда тұрғындар жолдарды бөгеп, полиция шерушілерді тарату үшін резеңке оқ пен көзден жас ағызатын газ қолданды. Қақтығыс болып, бірнеше дүкен мен банк тоналып, кей нысандарға өрт қойылған.

Зардап шеккендер саны белгісіз. Билік толқу артында оппозиция тұр деп, наразылықты төңкеріс әрекеті ретінде бағалап отыр.

392 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз