Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 27 Қыркүйек, 2025

Нигерияда алтын өндіретін шахта құлады

Нигерияның Замфара штатында алтын өндіретін шахта құлап, кем дегенде 100 адам көз жұмды

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Құлаған шахтадан 13 адамның мәйіті шығарылған. Ал тірі қалғандардың бірі 100-ден астам адамның тек 15-і ғана құтқарылғанын жеткізді.

Штаттың шахтерлер қауымдастығының өкілі апат фактісін растады. Оның айтуынша, кейбір құтқарушылар зардап шеккендерді алып шығу кезінде тұншығып қалған.

396 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз