- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 29 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған оқу-ағарту министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдап, бірқатар міндет жүктеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен ұлттық жобаларды тиімді іске асырудың маңызды екенін атап өтті.
— Сондай-ақ Президент білім беру сапасын арттыру, саладағы өзекті мәселелерді уақтылы шешу және азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігіне назар аударып, нақты міндеттер жүктеді, — делінген хабарламада.
424 рет
көрсетілді0
пікір







