Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 01 Қазан, 2025

Қазақстан мен Түркіменстан трансұлттық қылмыспен күресте өзара көмек көрсетеді

Мәжіліс 2024 жылғы 10 қазанда Ашхабадта жасалған Қазақстан мен Түркіменстан үкіметтері арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.
Құжат ұйымдасқан қылмысқа, терроризм мен экстремизмге, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына, заңсыз көші-қонға және адам саудасына қарсы күресте Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық негізін нақтылайды. Сондай-ақ ашылуы мен тергеуі екі мемлекеттің құзыретті органдарының ынтымақтастығын талап ететін басқа да қылмыс түрлері қамтылады.
Ынтымақтастыққа құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы өзара сұраныстарды орындау, жедел және криминалистикалық ақпаратпен, тәжірибемен, мамандармен, нормативтік құқықтық актілермен алмасу да кіреді. Сонымен қатар тараптар екі елдің мамандарын оқыту мен біліктілігін арттыруға жәрдемдесуге келісті.
Келісімді жүзеге асыруға Қазақстанның Ішкі істер министрлігі мен Түрікменстанның Ішкі істер министрлігі жауапты болады.
Қазақстан қазірдің өзінде 20 мемлекетпен соның ішінде Қытай, Түркия, Өзбекстан және басқа да елдермен осындай құжат жасасқан.

453 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз