- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 03 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді және корей халқын осы елдің Ұлттық күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сан қырлы байланыс қарқынды түрде нығайып келе жатқанына назар аударып, қос халықтың игілігі жолында стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету үшін күш-жігер біріктіруге бейіл екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Корея Республикасына құт-береке тіледі.
Фото: t.me/aqorda_resmi
378 рет
көрсетілді0
пікір







